RSS лента

31 жастағы атыраулық 600 келі бекіремен ұсталды (+фото)

  • 02.07.2021, 01:06,
  • 820
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық ПД

Атыраулық полицейлер тұрғыннан 600 келіге жуық бекіре тұқымдас балығын тәркіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

23 маусым күні Атырау облысы ПД-нің Криминалдық полиция басқармасына 31 жастағы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны бекіре тұқымдас балықтарын өз үйіне сақтап және сатып жүргені туралы ақпарат түскен. Полицейлер жедел іс-шара жүргізіп, тұрғынның мекен-жайы бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан сарай ішіндегі тоңазытқыштан жалпы салмағы 576 келі болатын 169 дана бекіре тұқымдас балықтар табылды.

 

Аталған факті бойынша Жылыой аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости