RSS лента

24 млн теңгеге есірткі сатпақ болған

  • 17.06.2021, 17:06,
  • 1 208
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық полиция департаменті

Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған дәстүрсіз діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Карасора-2021» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Атырау облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы аумағында Орал қаласынан келіп синтетикалық есірткі сатпақ болған 1998 және 1999 жылы туған екі күдіктіні ұстады.

 

Ұсталған кезде күдіктілерден синтетикалық есірткі бар зип пакеттеріне оралған 46 түйір табылды. Одан бөлек, олардың жалға алған пәтерінен екі пакетке оралған синтетикалық есірткі заты мен 100 дана дайын бетбелгі тәркіленді. Нәтижесінде, жалпы сомасы 24 млн. теңгеге жуық синтетикалық есірткінің 2 400 бір реттік дозасын заңсыз айналымға жіберуге кедергі келтірілді.

 

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдіктілер соттың санкциясымен Атырау қаласының тергеу изоляторына қамалды.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости