«Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Атырау облысы бойынша Полиция департаменті қылмыстық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Р.Зұлқашев сотталды. Ол өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан және полиция капитаны атағынан айырылды. Жазасын 5 жыл бойы түрмеде өтейді» дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.