«Қылмысқа қатысы бар компания басшысы қызмет бабын пайдалана отырып, «Денсаулық» – «Тегін медициналық қызмет көрсету» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атырау облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-на бюджеттен бөлінген 16,8 млн. теңгеден астам қаражатын жымқырған. Келтірілен залал Атырау облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысымен расталды. Келтірілген залалдың соммасы өтелмегендіктен, күдікті тұлғаның мүлкіне тоқтам салынды.
2020 жылдың 4 желтоқсанында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.