RSS лента

Қарапайым йогурттан "ши" шықты

  • 06.12.2020, 00:32,
  • 913
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Тергеу изоляторында йогурттің ішіне белгісіз шөп пен дәрі салып бермек болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметінен білгеніміздей, 4 желтоқсан күні Атыраудағы тергеу изоляторында йогурттың ішіне белгісіз шөп пен ақ дәрі салып бермек болған 25 жастағы азамат ұсталды.

 

- Заңсыз сәлемдеме ұрлық жасағаны үшін уақытша қамауға алынған азаматқа арналғаны анықталды. Мекемеге Атырау облыстық Полиция Департаментінің Жедел тергеу тобы шақырылып, «курьер» ұсталды. Сәлемдеме сараптамаға жөнелтілетін болады, - дейді УГ-157/1 мекемесінің Күзет және режим бөлімі бастығының орынбасары Айдар Аққажиев.

 

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінде заңсыз сәлемдемелердің жолын кесуге арналған іс-шаралар жалғаса бермек.


 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости