RSS лента

Туған күнімен қызын құттықтаған темір тордағы ана жұрттың жүрегін елжіретті

  • 06.12.2020, 00:28,
  • 584
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесінің қызметкерлері «Жусан» операциясымен елге оралған азаматшаның 3 жасар қызын туған күнімен құттықтауға көмектесті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қызы анасының өзге елде жұмыста жүр деп ойлап, тезірек үйге келуін өтініп, ноутбукты құшақтап жылағаны мекеме қызметкерлерінің жүрегін елжіретті. Анасы қызын құттықтағаннан кейін, ноутбуктен қызының мерекелік тортын үрледі.

 

- Азаматша қызын туған күнімен бейнебайланыс арқылы құттықтады. Сол кезде қызы анасынан қыстық киім мен түрлі тәттілер сыйлауын сұрады. Осыдан кейін мекеме қызметкерлері «Шапағат» қоғамдық қорының теологтарымен бірлесіп, сотталғанның қызына сыйлықтар сатып алып, анасының атынан үйіне апарып берді,-дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов.

 

Әсерлі құттықтау ұйымдастырған мекеме қызметкерлеріне сотталған азаматшаның туыстары ризашылықтарын білдірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости