RSS лента

Екпеден бас тартқандарға айыппұл салына ма?

  • 24.04.2021, 04:49,
  • 1 642
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Тelegram мессенджерінде қазақстандықтар бір-бірін COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны туралы ескертуде. Мұндай шаралар ағымдағы жылдың соңында қабылдана бастайды-мыс, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Стопфейк» ресми ақпарат көзі мұны жоққа шығарды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

 

– Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.

 

Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.

 

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости