RSS лента

Қазақстанда екпе жасатудан бас тартқаны үшін ата-ана құқығынан айыра ма? (+видео)

  • 18.11.2020, 18:59,
  • 735
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Қазнетте белсенді Гүлмира Исембиеваның видеосы тағы да тарады. Ол Қазақстанның барлық ата-аналарына үндеу жасап, бұдан былай балаларды психотроптық препараттармен вакцинациялау мен емдеуден бас тартқаны үшін оны ата-аналарынан тартып алатынын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.

 

https://www.instagram.com/p/CHEITTXn9ri/?utm_source=ig_web_copy_link


Видеода белсенді «152-бапқа» жүгінеді, оған сәйкес медициналық араласудан бас тарту баланы отбасынан тартып алуға негіз болуы мүмкін.

 

Бұл видео желіде биыл наурыз айында тараған. Сол кезде Сенат депутаттары мұндай заң жобалары мен нормалар қарастырылып жатпағанын айтып, оны жоққа шығарған болатын. Олар жаңа заң жобаларын қабылдау кезінде міндетті түрде жұртшылықтың пікірі ескерілетінін атап өтті.

 

Қазір ҚР заңнамасында осыған қатысты ештеңе өзгерген жоқ. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте бұрынғы нормалар сақталған, оған сәйкес Қазақстан Республикасының кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелер жасауға келісім беру немесе бас тарту туралы хабарлауға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалар профилактикалық және консультативті-диагностикалық көмек алудан бас тарту туралы хабарлауға құқылы.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости