RSS лента

Қазақстан Президенті қызу талқыға түскен заң жобасына қатысты пікір білдірді

  • 23.01.2021, 21:47,
  • 843
  • 0
  • Автор:
Автор фото: twitter.com

Қазақстандықтар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын қызу талқылауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау» деп жазды Мемлекет басшысы өзінің «Twitter» парақшасында.


Айта кетейік, аталған заң жобасы парламент қабырғасында әлі де талқыланып жатыр. Ал, қазақстандықтар баланы ұрып-соққаны үшін әке-шешені ата-ана құқығынан айыру нормасына қарсы екендерін әлеуметтік желіде белсенді білдіруде. Бұдан бөлек, заң жобасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа баратын адамдарға жақындарымен кездесуге 30 күнге тыйым салу ұсынылған. Бір айға берілетін қорғау ұйғарымын шығару туралы шешімді учаскелік полицей өз бетінше қабылдайды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости