«Қазіргі кезде президент тапсырмасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Рақымшылық туралы» заң жобасы әзірленді. Оған сәйкес, мемлекет пен азаматтарға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған және келтірген шығынды өтеген адамдарды жазадан босату қарастырылып отыр. Заң жобасы мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілді. Жақын арада осы құжат парламентке түседі.
Алдағы уақытта төрт кодекс пен алты заңға 105 түзету енгізу жоспарланып отыр. Соның ішінде ауыр сырқаты бар адамдар үшін жазаны өтеуді кейінге шегеру, осы санаттағы адамдарды тергеуден босату туралы сот үкімдерін шұғыл орындау, баланы үш жасқа толғаннан кейін анасымен бірге қалдыру және тағы басқа өзгерістер бар» деді еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.