RSS лента

Атырау мен Ақтау енді жақындай түспек

  • 01.03.2021, 19:27,
  • 805
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

«Атырау – Доссор – Бейнеу» автожолын төрт жолақты ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Ашық ақылы жүйе енгізілетін Атырау облысының жолдары 2 және 3 техникалық санатқа жатады. Бірақ жақын арада оларды 1 санатқа ауыстыру жоспарлануда. Тиісінше, жол әр бағытта екі жолақты болады. Ал әзірге, «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» учаскесін тек жүк көліктері үшін ғана ақылы болмақ.

 

Қазіргі уақытта төлем мөлшерлемесі әлі бекітілмеген, олар жүк көліктерінің салмағына, яғни тоннасына қарай есептелетін болады. Бірақ Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жол ақысы ең төмен деп айта аламын. Сонымен қатар, 2 және 3 санаттағы трассаларда жеңіл көлік иелері төлемнен босатылған»

 

 

 

Атырау облысы тұрғындары «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы басшылығына тұғындар тарапынан төмендегідей ұсыныстар айтылды:

 

– республикалық жолдарды 4 жолаққа дейін кеңейту;

 

-Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы учаскесінде жүк көліктері үшін көлік жуу, жарықтандыру бағандарын құру, жолдың бойында малдан қоршау, ұялы байланысты құрылғыларын орнату;

 

– коммуналдық мекемелердің көліктеріне және жергілікті тұрғындардың салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне жеңілдік абонементтерін енгізу;

 

– үй жануарлары үшін жарық шағылыстырғыш биркаларды енгізу.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости