RSS лента

Қазақстанда 2021 жылы амнистия жарияланады

  • 30.10.2020, 00:16,
  • 660
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

– Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді Президент.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости