RSS лента

128 жастағы әйел ұзақ жасаудың құпиясын айтты

  • 21.08.2022, 18:38,
  • 1 408
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Оңтүстік Африканың солтүстік-батысында тұратын әйел 128 жасқа толып, ұзақ жасауының сырымен бөлісті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Stan.kz және Daily Mirror-ға сілтеме жасап. 

Джоанна Мазибуко 1894 жылы 11 мамырда жүгері фермасында дүниеге келген. Ол отбасындағы 12 баланың тұңғышы. Бауырларынан үшеуі әлі күнге дейін тірі.

 

Оңтүстікафрикалық әйел табиғи сүт ішіп, асжапырақ жеп өскен. Ұзақ жасауының құпиясын осы ас мәзірімен байланыстырады. Алайда әйел бүгінде рационының өзгергенін жасырмайды.

 

Мазибуко фермада тұрған кезін ерекше жылулықпен еске алады.


Өзінің айтуынша, Ставан Мазибук есімді әйелінен ерте айырылған адамға тұрмысқа шыққан. Екеуі 7 бала тәрбиелеп, олардан 50 немере-шөбере көрген.

 

Күйеуі қайтыс болған соң, әйел ферма иелерінің үйлерінде түрлі жұмыс істеп, күн көрген. Үй жинап, киім үтіктеген.

 

Мазибуко 2001 жылдан бері күтушісімен бірге тұрады. Екеуінің арасында берік қатынас орнаған көрінеді.


Жергілікті билік кейуананың туған күніне диван сыйлады.


"Бізде оның жеке куәлігі бар. Әйелді Гиннес рекордтар кітабына енгізуге тырысуымыз керек. Сонда лайықтысын алады" дейді Матлосана әкімі Джеймс Тсолела.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости