RSS лента

Желіні жарған үшемнің ата-анасы ерекше құпиясымен бөлісті (+видео)

  • 24.05.2023, 16:09,
  • 1 042
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stan.kz

Алматылық ерлі-зайыпты Жәнібек Демеуов пен Жұлдыз Ермаханбетова үшемнің ата-анасы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Олардың бір күнде дүние есігін ашқан Ибраһим, Әлидар және Мұхаммад есімді үш ұлы әлеуметтік желідегі жұртқа жақсы таныс. Бұл туралы Stan.kz порталы жазады. Бүгінде ғаламтор жұлдызына айналған үш сары балақай бір жас тоғыз айдан асқан. Ата-анасының айтуынша, олардың отбасында үшемнің дүниеге келуі тосын әрі күтпеген жағдай екен. 

 

    "Негізі генетика бойынша жолдасым жақтан да, мен жақтан да үшем, егіз болмаған. Былайша айтқанда, Алланың берген сыйы. УЗИ-ден шыққаннан кейін бірінші өзіміздің әке-шешемізге айттық, басқа ешкімге жариялап айтқан жоқпыз. Себебі өзімізде қорқыныш болды. Бір бала емес, бірден үш бала болғандықтан құпияда ұстап тұрдық. Әлеуметтік желіге жүкті кезімде ешқандай фото салған жоқпын. Кейін балалар дүниеге келгеннен кейін көпшілігі таңғалды", – дейді Жұлдыз Ермаханбетова.

 

Үшеуінің де салмағы шамамен екі келіге жуықтаса, бойлары 43-45 сантиметр болған. Жас отбасы алғашқыда қыз бала қалаған екен.

 

    "Алғаш естіген кезде "шок" болып отырдық. Қалай ол үшем дегендей... Содан кейін тым болмаса үшеуінің біреуі қыз болатын шығар деп ойлаған едім. Екінші рет УЗИ-ге барғанда үшеуі де ұл деді. Сосын әйеліме "еркектен еркек туар" деп айттым", – дейді үшемнің әкесі.

 

Ата-анасы үшемнің мінез-құлқына анықтама беріп, болмысындағы ерекшеліктерін де айтып берді. Мәселен, үлкені Ибраһим – ақылды, мейірімді, екіншісі Әлидар –  салмақты, тұйық, ал үшіншісі Мұхаммад – пысық, мінезі бар, барлығын назарда ұстап отырады екен.

Сондай-ақ үшемнің анасы әлеуметтік желіде өте белсенді. Ол үш ұлдың түрлі видеосын жеке парақшасына жүктеп, интернетте ауқымды аудитория қалыптасқанын айтады.

 

    "Tiktok-та үшемнің бір видеосы 45 миллионнан астам қаралым жинаған. Ол видео әлем бойынша тарап кеткен екен. Ол бейнежазбада балалардың үйді шашып жатқаны сәтінен бірнеше видеоны топтастырған едік. Сол видео ең көп қаралған", –деді үшемнің анасы.

 

Ерлі-зайыпты Жәнібек Демеуов пен Жұлдыз Ермаханбетова бұл сұхбатта жас ата-аналарға ақыл-кеңесін де айтты.

 

    "Босанған әйелге жолдасының көмегі өте маңызды. Кейбір ер адамдар оны түсінбейді, қолдамайды. Сондай еркектер әйеліне мейірімді болып, көмектессе екен. Оның бәрі уақытша. Балалар өмір бойы кішкентай боп қалмайды, өсіп кетеді. Сондықтан ата-аналар баланың кішкентай кезінен ләззат алып, осы сәтке қуанып, бағалаған жөн", – дейді үшемнің ата-анасы.

 

Сонымен қатар үш балақайды бағып-қағудың қиындықтары мен баспана мәселесі туралы да сөз қозғады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости