RSS лента

Бір адаммен тұрмыс құрған егіздер бір уақытта балалы болмақ

  • 31.01.2023, 04:52,
  • 638
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Егіздер ортақ күйеулерінен бір уақытта бала көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аустралияның Перт қаласының тұрғындары, егіздер Анна мен Люси Десинк бір уақытта балалы болуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tyla басылымына сілтеме жасап. 

 

35 жастағы егіздердің күйеуі ортақ, олар Берн Бирн есімді азаматпен отау құрған. Анна мен Люси жұбайларымен 2012 жылы танысыпты. Кейін отау құрып, мәңгі бірге болуды қалайтындарын жеткізген. 


Енді Десинктер бір уақытта жүкті болуды жоспарлап отыр екен. Олар базальдық температураны есептеп, жүкті болу үшін тиімді уақытты есептеуде. Егіздер тезірек жүкті болу үшін жыныстық қатынастан кейін аяқтарын жоғары көтеріп жататындарын айтқан. 


"Аннаның жүкті болып, ал менің бойыма бала бітпегенін ойласам, жүрегім ауырады. Сондықтан бір уақытта балалы болуды қалаймыз", – дейді Люси. 


Ана болуға дайындықты бастап кеткен олар үнемі қуыршақ ұстап, өздері де бірдей киінеді екен. 


"Бір уақытта жүкті болу – оңай шаруа емес", – дейді Бен.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости