RSS лента

Құрбысын өлтіріп, ішіндегі баласын ұрлады

  • 23.11.2022, 11:01,
  • 1 031
  • 0
  • Автор:
Автор фото: txktoday.com

Әйел жүкті құрбысын өлтіріп, құрсағынан туылмаған баланы кесіп алған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Техаста әйел жүкті құрбысын құрсақтағы баласын алу мақсатында өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TXK Today сайтына сілтеме беріп. 


АҚШ-та алқабилер соты Техас штатының тұрғынына өлім жазасын тағайындады. Ол жүкті әйелді өлтіріп, құрсағынан туылмаған баланы кесіп тастады. 


29 жастағы Тейлор Рене Паркер 2020 жылдың 9 қазанында кісі өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді. Әйел 21 жастағы құрбысы Реган Хэнкокты балғамен ұрып өлтірді. Паркер бұл әрекетке құрсақтағы баланы ұрлау үшін барған.


Хэнкоктың анасы полицияға жүгініп, қызының іші кесіліп жерде жатқанын хабарлады. Марқұмның құрсағында нәресте болған жоқ. Сол күні Паркер ұсталады. Ол баланың мәйітін тізесінде ұстап, көлік жүргізген. Кіндікті шалбарына тығып, бәріне жаңа ғана босандым деп айтқан.


Сот барысында Паркер адвокаттары баланың өлі туылғанын мәлімдеді, бірақ медициналық сараптама бойынша бала анасының денесінен шығарылғаннан кейін тыныс алды.


Қылмысқа дейін Паркер бірнеше ай бойы жүкті болып көрініп, туылмаған баланың жынысын анықтау кешін ұйымдастырды. Жақындарына ауыр босанатынын айтып, Оклахомаға кесарь тілігін жасатуға барамын деп сендірді. Тергеу мәліметтері бойынша, осылайша ол сүйіктісін алдауға тырысты.


Қазіргі уақытта Паркер өлім жазасына кесілетіндерге арналған Техас штатындағы Буй округінің түрмесінде. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости