RSS лента

Анасы өз баласын ұрып өлтірді

  • 14.06.2022, 02:47,
  • 781
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ақтауда үш жасар баласын өлтірді деп айыпталған ана сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы mangystaumedia.kz мәлім етті. 


«Қалалық соттың 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды» деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.


Әйел қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Ведомствоның мәліметінше, сотта анасының соққысынан балада гематома пайда болғаны анықталған. Бала ішінен алған қатты соққының нәтижесінде көз жұмды.


Сотта айтылғандай, әйел қызын ұрып-соғып, итеріп жіберген, соның салдарынан қыз үстелдің бұрышына соғылған. Содан кейін әйел жұдырығымен баланың ішінен бірнеше рет соққы жасаған. Содан анасы үйден шығып кеткен, ал сәби екі жарым сағаттан кейін алған жарақатынан қайтыс болыпты.


Айналып келгенде, қатігез ана «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости