RSS лента

"Маңғыстау-Ақтөбе" пойызындағы жарылысқа кім кінәлі?

  • 07.09.2021, 00:53,
  • 514
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының соты жүк вагонында шыққан өртке кінәлі теміржолшыға үкім шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

[media=https://t.me/sputnikKZ/5183]


Еске сала кетсек, өткен жылдың 14 желтоқсанында «Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының  пошта вагонынында газ баллоны жарылып, өрт шыққан еді. Вагонда болған бес адам түрлі жарақатпен Бейнеу ауылының ауруханасына түскен болатын. Артынша денесінің 80 пайызын күйік шалған азамат көз жұмды.   

 

Жүк пойызы басшысына Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, 292 бап 2 бөлім - адам өлімі немесе өзге де ауыр салдарға алып келген өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу, 156 баптың 2 бөлімі - денсаулыққа орташа ауыр зақым келтірілген еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік ережесін бұзу бойынша айып тағылды.

 

Сотталушы азамат әріптестерімен бірге 13 желтоқсанда Маңғыстау станциясынан «Маңғыстау-Ақтөбе» бағытындағы пошта қызметінің вагонынымен іссапарға шықты. Оның өз кезекшілігінде әріптестерімен бірге вагон ішінде газ баллонына жалғанған пеште ас әзірлегені мәлім болды. Газ баллоны жарылып, вагон өртенді.

 

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, зардап шеккендерден кешірім сұрады. Және өзіне бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді.

 

Сот теміржолшыны айыпты деп таныды. Оған қатысты екі жылға дейін бас бостандығын шектеу және 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейін пошта, көлік қатынасы қызметінен шектеу туралы үкім шығарылды.

Оставить комментарий
Последние новости