RSS лента

Жатақханадан шыққан өрттен мұнайшылар қаза тапты

  • 06.09.2021, 19:12,
  • 1 306
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнындағы жатақханада өрт шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін таңертең «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мәлімдеді.

 

Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, 6 қыркүйекте Мәскеу уақытымен таңғы сағат 04.55 шамасында Маңғыстау облысындағы Боранкөл кен орнында «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС МНК екі қабатты жатақханасы өртенді. Қазіргі таңда өрт толықтай сөндірілген. Тілсіз жаумен күреске «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС қызметінің екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

 

«Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды және үш адам жарақат алған. «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы оқиға орнына барды» делінген ресми хабарламада.

 

Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб орналастырылған. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости