Тілсіз жау 480 гектар аумаққа таралып үлгерген. Оның 90 гектарын орман, 390 гектарын құрғақ шөп құрайды.
Жалынмен күреске ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің пайда болу себептері, кінәлілер және материалдық шығын сомасы анықталуда, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ).
Өртті сөндіруге «Қазавиапаса» тікұшағы іске қосылып, 198 текше метр су пайдаланылған.
«БҚО төтенше жағдайлар департаментінде және өрттерді жою орындарында жедел штабтар құрылды, онда олардың жұмысына басшылық командалық-штабтық машина арқылы жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған өрттерді жоюға БҚО ТЖД бөлімшелерінің, «Өрт сөндіруші» ФАО, «Қазавиақұтқару» АҚ Атырау филиалының, кенттік округтер мен шаруа қожалықтарының ЕӨФ, орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ күштері мен құралдары тартылды» делінген баспасөз баяндамасында.
ТЖМ қазақстандықтарды ауа температурасының +41 градусқа дейін көтерілуіне және төтенше өрт қаупіне байланысты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.