RSS лента

Қазақстан-Ресей шекарасынан снаряд табылды

  • 22.08.2021, 17:41,
  • 583
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Оқиға кеше, 21 тамыз күні, жергілікті уақытпен 12 сағат 45 минутта тіркелген. Қазіргі уақытта снаряд табылған аумақта күзет күшейтілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Хабарлама Құрманғазы шекара бөлімінен келіп түсті. Яғни, «Сазды» шекара бөлімінен 103 шақырым қашықтықта снаряд қалдықтары табылған. Оқиға бойынша «Сазды» шекара бөліміне жақын маңнан табылған қалдықтардың пайдаланылған авиациялық снаряд екендігі анықталды. Қазіргі уақытта снаряд табылған аймақта күзет күшейтілді, бөгде адамдардың жақындауына тыйым салынды. Оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ» деп түсінік берді Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Т.Сансызбаев.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости