RSS лента

Жоғалған тұрғындар қар құрсауынан табылып жатыр... (+фото)

  • 25.02.2021, 04:50,
  • 994
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Сәуле МАҒАУ

Ауа райы жағдайына байланысты төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін Төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Аталған штабқа жергілікті полиция қызметінің өкілдері және автожол ұйымдарының, яғни «Қазавтожол»өкілдері енгізілді.


Ұялы байланыс операторларының көмегімен дауылды ескерту алған кезде Атырау облысының тұрғындарына облыс аумағында ауа райы қолайсыз болатыны туралы ақпарат жеткізілді, барлығына смс-жіберілім жіберілді.


23 ақпанда сағат 17: 00-де «Қазавтожол» полиция департаменті  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлеріне арналған барлық бағыттар бойынша республикалық, облыстық маңызы бар автожолдарды жабу туралы шешім қабылдады.


Бірақ барлық ескертулерге қарамастан, адамдар жоғалып, қар құрсауында техника қалғаны туралы деректер тіркелген.


2021 жылдың 22 ақпанында сағат 20:17-де  Мақат-Индер теміржолының 20-шы шақырымы бойынан мал іздеуге шыққан  азамат Б.Б-ның  үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мақат ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстарына аудан техникасын жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізілді. Іздеу нәтижесінде 2021 жылғы 23 ақпанда сағат 00:44-те Мақат-Индер темір жолының 20-шы шақырымында жоғалған азамат табылып, үйіне жеткізілді. Табылған азамат медициналық көмекті қажет етпеді.


22 ақпан күні сағат 19:08-де Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы мен Құлсары қаласы арасындағы жолда Құлсары бағытында қар құрсауында көлік тұрып қалған. Көліктің ішінде 4 адам бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқару жұмыстарына департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің 4 қызметкері – «Трэкол»арнайы жол талғамайтын көлігінің 1 бірлігі жұмылдырылды.


22 Ақпанда  сағат 20:32-де Құлсары қаласынан 15 км қашықтықта Қара-Арна  ауылдық округінің «Игілік» жолағында қарда қалып қойған «Нива» автокөлігі табылып,  4 адам  «Трэкол» автокөлігіне ауыстырылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Денсаулық жағдайы тұрақты, қар құрсауынан құтқарылғандар дәрігерлік көмекке мұқтаж емес екені анықталды.


23 ақпан күні Қызылқоға ауданында Сағыз станциясынан 10 шақырым жерде қар кептелісінде 3 бірлік жүк және 8 бірлік жеңіл автокөлік қалған, онда 34 адам болған, оның 5 –уі кәмелетке толмаған балалар.


Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тазартылған учаскеге сүйреу жұмыстары жүргізілді, адамдар елді мекендерге жеткізілді.


Осыған ұқсас жағдай Исатай ауданында да орын алды. 23 ақпанда 1977 ж.т. азамат Т. 2006 және 2007 ж.  екі баласымен Аққыстаудан БҚО-ға қара жолмен (төте жол) шығып кеткен. Олардан ешқандай хабар болмағандықтан, осыған байланысты іздестіру құтқару топтары құрылды. 24 ақпан күні сағат 15:30-да оларды ТЖД күштерімен Аққыстау ауылынан 80 шақырым жерде «Насихат» қыстағында тапты. Жағдайлары  қанағаттанарлық, медициналық көмекті қажет етпеді.


Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты халықтың жоғалу фактілері жиелеп кетті. 17-24 ақпан аралығында Атырау облысы бойынша 63 адам (58 ересек адам, 5 бала) құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар, облыс бойынша қарда қалып қойған 10 техникаға көмек көрсетілді.


Атырауда жоғалған және қар құрсауында қалған адамдар аман-есен табылды.


Осы апта бойы  қолайсыз ауа райы (жауын-шашын, желдің күшеюі, боран мен бұрқасын) күтіледі. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости