Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 операторына 16 ақпанда сағат 15:17 шамасында ер адамның құрылыс нысанының үшіншіші қабатынан айқайлап тұрғаны туралы хабар түскен.
«Мақат ауданының 39 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында салынып жатқан құрылыс нысанының 3-ші қабатына шығып кеткен. Ол наркологиялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде оның спирттік ішімдік ішпегені белгілі болды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды» делінген аталған департаменттің баспасөз хабарламасында.
Енді жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданып, шешімі алынады.