Бейнежазбадан сауда орталығынан қызыл жалын лапылдап жанып жатқанын анық көруге болады.
Анықталғандай, 19 желтоқсанда сағат 00:41-де Атырау қаласындағы екі қабатты «Дина» базарының аумағында өрт шықты. Өрттің көлемі 3 420 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, сауда базары толықтай отқа оранғаны, оқиға орнында төбе жабыдысы құлағаны анықталды. Өрт сағат 03.25-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зарап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен (63 қызметкер, 11 бірлік техника), «Өрт сөндіруші» АҚ (3 қызметкер, 1 бірлік техника), Полиция департаменті (50 қызметкер, 20 бірлік техника), 5546 әскери бөлім (52 әскери қызметкер, 3 бірлік техника) жұмылдырылды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырады.