Исатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша шекара заставасы Исатай ауданындағы Жанбай ауылының тұсындағы Теңіз жағалауынан Lexus LX470 маркалы көлігінен 120 дана бекіре тұқымдас балығын тәркіледі. Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.