RSS лента

Көліктен денесін шығарды... (+видео)

  • 01.07.2021, 01:09,
  • 800
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық ПД

Көліктен денесін шығарған атыраулықтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

[media=Көліктен денесін шығарған атыраулықтар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.]


30 маусым күні сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің терезелерінен денесін шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде темір жол вокзалынан шыққан Lexus RX, Nissan Primera, ВАЗ 2110 маркалы автокөліктерін тоқтатты. Тексеріс барысында аталған автокөлік жүргізушілері өздерінің әскерден келген 19 жастағы досын темір жол вокзалынан күтіп алып келе жатырғандарын, сол себепті автокөліктің терезесінен және люктан бастарын шығарып, қауіпсіздік белдігін тақпай, жол-ережесін бұзғандарын айтып, өз кінәларын толықтай мойындаған.

 

Аталған Lexus RX маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісіне қатысты, Nissan Primera маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісіне және Ваз 2110 маркалы автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал автокөліктің қозғалысы кезінде терезенің ойығынан және люктан бастарын шығарған 18 және 19 жастағы үш жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлімімен (Автокөліктің қозғалысы кезінде автокөліктің терезесінен денесін шығарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамағаны үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 5 834 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости