Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі 24.kg сайтына сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді.
Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сосын сағат 06.00-де тәжікстандықтар өздері орнатқан контейнерден 600 метрге аулақ кеткен.
«Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда Тәжіктстан шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті», — деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.
Дегенмен кейін тәжік тарапы ресми жауап бергенге ұқсайды. Онда шекараға қойылған контейнерлер шағын дүкен орнату мақсатында жеткізіліпті.
Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Түрлі есептер бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде 13 қырғызстандық және Тәжікстан тарапының 10 азаматы қайтыс болды.
Қақтығыс салдарынан тұрғын үйлер мен мектептер қирады. Артынша екі ел атысты тоқтату туралы ортақ шешімге келген.