«Мысалы, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарында Қытай шекарасына жақын орналасқан кейбір аумақта қазақстандық не теледидар, не радио, не интернет ұстамайтын жерлер бар. Бірақ Қытай жақтан қазақ тілінде радио сайрап тұрады. Ал шекара маңындағы жергілікті халық тек қытай радиосын тыңдауға ғана мәжбүр.
Тағы бір мысал келтірсем, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданына кіргенде телефонға "Добро пожаловать в Китай!" деген хабарлама түседі. Ізінше телефоныңыздағы Нұр-Сұлтан уақыты дереу Қытай уақытына өзгереді. Осыған ұқсас жағдай Ресей мен Өзбекстан шекарасының маңында да кездеседі. Биыл ұлттық тәуелсіздігімізге табандай 29 жыл толады. Сонда отыз жылдай тәуелсіздіктің барысында ақпараттық байланыс жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмағанымыз ба?» дейді ол.