CentralAsia мәліметіне сүйенсек, Монғолия, Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері осындай ортақ шешімге келген.
Айта кетейік, пандемия басталғалы бес ел бір бірін үнемі қолдап келеді. Бұған тұрақты телефонаралық келісімсөздер куә. Сонымен, антивирустық қамал қалай жүзеге асады?
Алдымен, бес ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау бағдарламасына қолдау білдіріп, пандемияны саясиландыру және географияландыру әрекеттерінің алдын алуға тырысады.
Екіншіден, өз кезегінде Қытай өзге елдерге ковидпен күреске керек құрал-жабдықтармен көмектесуге дайын екенін мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, дәрілік заттарды жасап шығаруда, тіпті, қажетті вакцинаны өндіру мен сатып алуда да әріптестік орнатпақшы. Осы орайда, Қытай әлемге танымал дәстүрлі медицинасын да іске қосуға дайын.