RSS лента

Қазақстандықтар той-кештерден бас тартқысы келмейді...

Автор фото: coronavirus2020.kz

Мәселен, Елордадағы мейрамханалардың бірінде 200 адамның қатысуымен өтіп жатқан корпоративтік кеш тоқтатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мобильді топтар осы күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. 20 және 21 наурызда мобильді топтар елорданың төрт ауданында орналасқан 10-нан астам мекемеде карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады. Мәселен, 20 наурызда Байқоңыр ауданында орналасқан «Porta fortuna» мейрамханасында 200 қонақтың қатысуымен корпоративтік кеш өткізілді.

 

Сонымен қатар, қаланың санитарлық дәрігерінің қаулысымен белгіленген жұмыс режиміне қарамастан «Рыба моей мечты» караоке залы және «Шашлыкофф» гриль бары келушілерге сағат 22.00-ден кейін де қызмет көрсеткен. Есіл ауданындағы «ALANYA» караоке-мейрамханасы да осындай бұзушылыққа жол берді.

 

Екі күннің ішінде Сарыарқа ауданында мобильді топтар 6 мекемедегі бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, «Гаухартас» мейрамханасы сағат 22.50-де келушілерді қабылдауды жалғастырған. Тексеру кезінде мекемеде 110 адам болған. Сағат 00:00-ден кейін «Дольче» караоке бары және «Хива» мейрамханасы да жұмыс істеген. Тыйым салынған уақытта «Шербет», «Sky Smoke», «Нирвана» түнгі клубы, барлар да ашық болды.

 

Алматы ауданында үш қоғамдық тамақтану нысаны - «The Dubliner», «Спасибо пацанам» және «Чим-чим» кафелері жұмыс режимін бұзды. Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес 10 наурыздан бастап «қызыл» аймақта тұр. Осыған орай, карантин режимін бұзуды анықтау бойынша мобильді топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

 

Елордада CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз деп бағалануда. Сондықтан адам көп жиналатын орындарға барудан бас тарту және мүмкіндігінше үйде болу ұсынылады.

Оставить комментарий
Последние новости