Бұл жолы 21 наурыз жексенбіге түсіп тұр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Сәйкесінше, қазақстандықтар 20 наурыз бен 24 наурыз аралығында 5 күн демалады.
Ал, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні дүйсенбіге тура келгендіктен, сенбі, жексенбі және дүйсенбі – демалыс болып табылады. Қорыта келгенде, наурызда 12 күн демалып, 19 күн жұмыс жасауға тура келіп тұр.