RSS лента

Президент Тоқаевтың әкесіне мемориал тақта орнатылды

  • 20.09.2020, 23:26,
  • 1 016
  • 0
  • Автор:

Омбыда Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасы пайда болды. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Омбы облысының губернаторы Александр Бурков, Қазақстан елшісі Ермек Көшербаев тақтаға гүл шоқтарын қойды. Өз кезегінде Көшербаев соғыс ардагерлеріне арналған госпитальдың бас дәрігері Евгений Захаровқа диагностикалық зертхананың жабдықтарына сертификат табыстады. 


Айта кетейік, Омбы қалалық кеңесі осы жылдың наурыз айында ақын, жазушы және Ұлы Отан соғысының қатысушысы Кемел Тоқаевтың құрметіне ескерткіш тақта жасау туралы шешім қабылдады. Оған Шоқан Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы мен Қарулы күштер ардагерлерінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы бастамашы болды. Бұл идея қала әкімшілігі жанындағы топонимикалық комиссияда мақұлданды.

*Анықтама:

Кемел Тоқаев (1923-1986) – Қазақстан президентінің әкесі Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. I және II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен екі марапатталған. Ол 1945 жылы қаңтарда жарақат алып, аяғынан айырылып қалуы мүмкін еді. Бірақ, №1494 эвакуациялық госпиталь дәрігерлері (қазіргі Омбыдағы соғыс ардагерлеріне арналған госпиталь) оны ампутациядан құтқарған. Соғыстан кейінгі бейбіт уақытта Кемел Тоқаев әйгілі жазушы болды. Ол қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін қалаушы болып саналады.




Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости