«Алдын алу шараларын өткізу мақсатында қоғамдық көлік демалыс күндері (27-28 маусым) жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жүргізіледі» , - делінген хабарламада.
29 маусым күні қоғамдық көлік бұрынғы режимге оралады.
Сонымен қатар, барлық қоғамдық орындар: саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар және басқа да адамдар көп жиналатын орындар жабылады.
Соңғы мәліметтер бойынша, астанада коронавирусқа шалдыққан 3613 науқас, 1283 симптомсыз Covid-19 тасымалдаушы тіркеліп отыр. Жазылып шыққандар саны 2642-ге жетті. Қалада 45 адам қайтыс болды, бұл – ел бойынша ең үлкен көрсеткіш.