Абырой болғанда, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
««ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жанында тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды» делінген «ССЕР» компаниясы таратқан хабарламада.