Крис пен Лилиананың қарым-қатынасы 2012 жылы басталған. Лилиана бірден моногамияның (бір ғана некеде болудың) жақтаушысы емес екенін айтады. Крис бұл сұрақ оны да мүлде толғандырмайтынын жеткізеді.
"Тек бір адамдық қарым-қатынаспен шектелгісі келмейтін жанды бірінші рет кездестірдім. Бұл менің ауыртпалығымды жеңілдеткендей болды", — дейді қыз.
2020 жылдың күзінде Лилиана Сарамен әлеуметтік желідегі полигамиялық қатынастарды қолдау тобында танысады. Олар көп ұзамай кездесіп, бірге болғысы келетінін түсінеді. Бір айдан кейін Лилиана Сараны Криспен таныстырады. Сөйтіп үш қыз полиаморлы отбасы болады. Екі жылдық қарым-қатынастан кейін олар балалы болғысы келеді.
"Біз балаларымыздың да өздері қалағандай өмір сүргенін қалаймыз", — дейді Крис.
Лилиана айналасындағылар олардың қарым-қатынасы туралы білгенде қолдау көрсететінін және қызығушылық танытатынын жеткізді. Сондай-ақ ару қыздардың әрқайсысының отбасы мүшелері олардың таңдауын қабылдағанын айтты.