RSS лента

Қазақстан мен Түркия президенттері жұртты таңқалдырды

  • 12.10.2022, 20:47,
  • 560
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған үстел теннисін ойнады.

Келіссөздерден кейін Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.


Сонымен қатар президенттердің қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:


1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ветеринариялық қызметтер көрсету саясаты және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы музей ісі, ескерткіштерді қорғау және реставрациялау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Түркия Республикасының Сауда министрлігі арасындағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркия Республикасының Отбасы істері, еңбек және әлеуметтік қызметтер министрілігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости