Бұл ащы да болса ақиқат. Жылдар бойы проблемасы шешілмеген ПИК қызметі келер жылдың шілде айынан мүлік иелері бірлестігі (МИБ) болып өзгеретінін білесіз бе? Жаңа құрылымның артықшылығы неде? Оның аты өзгергенімен, затында айырмашылық бола ма?
Арыз айтпайтын адам жоқ
К е з – к е л г е н қ а л а тұрғынын тоқтатып, ПИК туралы сұрасаңыз айта – тын арыз-шағымы көп. Бұл мәселенің әбден ушыққанын аңғартады. Мысалы, «Нұрсая» шағынауданындағы №11 үйдің тұрғыны Ұлан Қайырдың ПИК қызметіне мүлде көңілі толмайды екен.
– Нұрсаяда тұрғаныма он жылдан асты. Сенесіз бе, содан бері өткен жылы ғана кіреберіс дәлізді (подъезд) алғашқы рет әктеп шықты. Тазалық ж ұ м ы с т а р ы н у а қ ы т ы л ы жүргізген емес. Тек әр айдың басында түбіртек әкелетін болғандықт ан, сол уақыт қарсаңында тазалық жасаған болады. Онымен кімді алдайды? Жұмыстың нәтижесін тұрғындар күнбе-күн көріп отыр ғой. Қаражаттың қайда ж ұ м с а л а т ы н ы б е л г і с і з , тұрғындармен байланыс жоқ деуге де болады. Өзім 98 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтерде тұрамын. Ай сайын үш мың теңге шамасында пәтер иелері кооперативінің қызметіне ақша төлеймін. С о н д а о л а қ ш а қ а й д а кетеді? Дұрыс жұмыс жасамаса, халық не үшін ақша төлейді? – деген Ұлан мұндай құрылымның қажетсіздігін, одан да тұрғындардың өз басқаруына берілуі керектігін айтты.
Ш ы н ы н д а , о н ы ң сөзінің жаны бар, кооператив төрағалары оны жекеменшікке жалға беріп, ал жалдау ақысын жымқырып кеткен талай жағдай болды. Қажет кезде, тұрғындар бірнеше үйді біріктірген ПИК төрағасын таба алмай, сарсаңға түседі. Бұл – жылдар бойғы қайталанып отырған тәжірибе. Балалар алаңдарын абаттандыруды да көптеген кооперативтер жергілікті әкімдікке жүктеп қойғаны рас. Сонымен, кіреберіс дәлізді бірнеше жылда бір әктеп, аптасына бір мәрте сыпырып алғанын міндет ситін ПИК-тің құзырына қандай міндет кіреді? Ай сайын әр пәтерден ақша жинап алудан жаңылмайтын олар бұған дейін немен айналысқан? Апаттық жағдайда жауапкершіліктен жалтармай ма?
Қаражат қайда жұмсалады?
Атыраудағы алты қабатты бір ғана үйде бір, екі, үш бөлмелі барлығы 54 пәтер бар. Әр пәтер иесі шаршы метріне қарай кооперативтер қызметі үшін ақы төлейді. Мәселен, Атырау қаласында Бейбарыс сұлтан даңғылындағы үйлерде бір бөлмелі пәтер үшін айына 1392 теңге пайдалану шығынын төлесе, екі бөлмелі пәтер иесі 1632 теңге, ал үш бөлмелі пәтерге 30 теңгелік т ариф мөлшерімен айына 2178 теңгені ПИК қызметіне жұмсайды. Енді қарапайым тәсілмен е с е п т е с е к , а л т ы қ а б ат т ы бір үйдің бір бөлмелі 18 пәтерінен айына барлығы 25 056 теңге, екі бөлмелі 18 пәтерден – 29 376, үш бөлмелі 18 пәтерден 39 204 теңге – барлығы 93 636 теңге ақша жиналады. Яғни ПИК ай сайын 54 пәтерлік бір үйдің өзінен кемінде 90 мың теңге төлем жинайды екен. Ал, қалада 60, 100, тіпті одан да көп пәтерлі үйлер бар екенін ескерсек, кооператив қызмет көрсетуі тиіс бірнеше үйден жиналатын қаражатты өзіңізақ есептей беріңіз. Демек, жиналған қаржы жалақыдан басқа қайда жұмсалады? Бізді ойландырғаны да осы. Б ұ ғ а н ж а у а п і з д е п , «Наурызбаева К.К.» ЖК өкілі Ә й ге р і м Те м і р ха н о ва м е н тілдестік, көп қабатты үймен жұмыс жасау оңай еместігін айтты.
– Тұрғындар көп мәселені кооперативке итере салады. Дұрысында, кінәні әр адам әуелі өзінен іздеуі керек. Өкініштісі, ай сайынғы төлемді санаулы адамдар ғана уақытында төлеп отырады. Ал, көпшілігі қайта-қайта ескерткен соң бірнеше айдың ақшасын бір-ақ төлейді. Бұл – ж ү й е л і ж ұ м ы с ж а с ау ғ а кедергі. Тұрғындардан ақша жиналған соң төлегендіктен, қызметкерлердің еңбекақысы да тұрақты төленбей қалады. Әйтсе де, қарамағымызға алған 6 көп қабатты үйдің тазалығы мен инженерлік жүйе сіне жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Мысалы, былтыр ғана кіреберіс дәліздерді ә кт е п с ы рл ап , ж а ң а рт ы п алдық. Жертөлелерді та – зартып, шайынды суды да уақытымен алғызып отырамыз. Ал, мұның барлығы қаражатқа келіп тіреледі. Бізде атқарылған жүмыстар мен қаражат шығындарының өз есебі бар, – дейді Әйгерім.
А й т с а а й т қ а н д а й , коммуналдық сала ма – м а н д а р ы н а й т п а ғ а н д а , жұмысшылардың тапшылығы н е м е с е т ұ р а қ с ы з д ы ғ ы – саланың ешқашан шешілмеген проблемасы. Аула сыпырушы, тазалықшы, электр маманы, сантехник, басқа да мамандар жоқтың қасы. Басты себеп – жұмыс көп, жалақы төмен. Осындай күрделі түйіндер, к о о п е р а т и в к е қ а т ы с т ы кемшіліктер тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығын б а с қ а руд ы ң б а с қ а ә д і с і н қ а р ау ғ а с е б е п ш і б о л д ы . 2019 жылғы 26 желтоқсанда П р е з и д е н т Қ . Т о қ а е в «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне т ұ р ғ ы н ү й – ко м м у н а л д ы қ шаруашылығы мәселелері б о й ы н ш а ө з ге р і с т е р м е н толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған заңға сәйкес, келер жылдың 1 шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативі деген құрылым болмайды, оның орнына мүлік иелері бірлестіктері мен жай ғана серіктестіктер жұмыс жасамақ.
861 үйге – 81 кооператив
М ә с е л е н і ң м ә н – ж а й ы н Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиевтан сұрадық.
– Заңда көрсетілгендей, келер жылы пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты біртіндеп тұрғын үйді басқарудың жаңа формасына көшу мәселесі қаралып жатыр. Ол негізгі екі бағыттан тұрады. Біріншісі – мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ). Бұл бір көп пәтерлі үйдің пәтер иелері ғана құратын коммерциялық емес нысандағы з а ң д ы т ұ л ғ а . Е к і н ш і с і – жай серікте стік (ЖС). Ол азаматтық шарт негізінде үйге ортақ мүліктерді барлық меншік иелерімен бірлесіп басқару және күтіп ұстау болып табылады. Аталған жүйе тұрғындар қаражатының ашық жұмсалуын қамтамасыз етеді деген үміттеміз. Заң күшіне енген соң бір жылда көп қабатты үйлерде жиналыс өткізіліп, үй кеңесі құрылуы қажет. Кеңес құрамы 3 адамнан кем болмауы шарт. Нақтырақ айтар болсақ, тұрғындар осы жиналысты жыл аяғына дейін өткізіп, кондоминиум басқару нысанының жаңа формасына көшуі тиіс. Бұдан соң МИБ немесе ЖС құрылып оның төрағасы нақтыланып, әрі қарай екі есеп шот ашылады, – деді Қайрат Тауфихұлы.
Инспекция басшысының а й т у ы н ш а , ж а ң а ж ү й е қ а р а ж а т т ы ң ж ұ м с а л у ашықтығын қамтамасыз етіп қоймай, тұрғындарға үйді күтіп ұстауға қатысты үлкен жауапкершілік жүктейтін көрінеді. МИБ құру үшін тұрғындардың 3,2 пайызы келісімін беру қажет болс а , ЖС ү ш і н т ұ р ғ ы н д а р бірауыздан қолдап, 100 пайыз келісуі шарт. Д ә л қ а з і р А т ы р а у қ а л а с ы н д а ғ ы 8 6 1 к ө п қабатты үйге 81 ПИК қызмет көрсетеді. Одан бөлек кондоминиум басқару нысаны жоқ 327 үй бар. Қ.Хабиев қазір үйлерді жаңа жүйеге көшіру мақсатында жұмыстар жүріп жатқанын айтты.
– Бүгінде жаңа форматта жұмыс жасау үшін 400- ден астам көп қабатты үйдің тұрғындарымен жиналыс өтті. Бірқатар үй жаңа формада жұмыс жасауға көшіп те кетті. 2 үй мүлік иелері бірлестігі, 280 үй жай серіктестікке келісім алып жатыр. Бұрын ПИК көп қабатты үйдің инженерлік жүйесіне, кіреберіс дәліздер мен аулаларды тазалап, күтіп ұстауға міндетті болатын. Ай сайынғы төлем осы мақсатқа жұмсалатын. Ал, апат болған жағдайда тұрғындармен кеңесу арқылы қо сымша қаражат жинақталады, – дейді тұрғын үй инспекциясының басшысы.
Қ а й р а т Т а у ф и х ұ л ы міндетіне адал коопера – т и в т е р г е д е т о қ т а л д ы . Мысалы, қаладағы «Айдын», «Авангард», «Ақжол-Темір», «Рахман-2», «Азамат-Аман» П И К – т е р і , « Н ау р ы з б а е ва К.К.», «Нұр-Әли» ЖКтерінің қызметі өзгелерге үлгі. Тұрғындар олардың жұмысына риза болғандықтан, олардың қызмет бағытын ауыстырғанын қаламайды екен. «Кооперативтің қызметі көңілімізден шығып тұр. Оны неге таратамыз? Бұл біздің таңдауымыз емес пе?! Ұсыныс-пікіріміз ескерілсе е ке н » д е п , ж а ң а ж ү й е г е қарсылық танытатындар да бар.
«Бір үй – бір есепшот»
Ж а ң а з а ң б о й ы н ш а көпшілік бұрынғыдай «ПИК жұмысына жауапкершілікпен қарайды» деп қарамауы тиіс. Енді мүлік иелерінің өздері де тұрғын үйді күтіп ұстауға жауапты болады. Ендеше, жаңа жүйенің артықшылығы мынада жатыр. М И Б « м ү л і к и е л е р і бірле стігінде – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл алдымен бір үйдің тұрғындарына жиналған қаражатты басқарып, мақсатты пайдаланылуын бақылауға м ү м к і н д і к б е р м е к . М И Б ақшаны ашық, дұрыс әрі әділ бөледі деген сенім бар. Бұрын ПИК-те бір шот болғанмен, үй саны көп болды. Күмән туғызатыны да осы еді. Ал, МИБ жүйесі бойынша әр үйден жиналған қаржы сол үйдің қажетіне ғана жұмсалады, оны үй иесі де, жергілікті билік те қадағалай алады. А л , М И Б қ ұ р ы п , о ғ а н мүше болу үшін төртақ құжат жеткілікті. Әуелі тұрғындардың МИБ құру ж ө н і н д е г і ж и н а л ы с ы н ы ң хаттамасы, әр пәтер иесінің оған өтуді қалаған өтініші, төраға таңдау туралы шешімі, МИБ-тің үлгілік жарғысы мен тіркелуіне 1 АЕК мөлшерінде ақы төленгені туралы түбіртек. Осы құжаттар болса, төраға бірлестікті әділет органына тіркетеді. Қолға заңды құжатын алған соң МИБ өз жұмысына кірісе береді.
Айта кеткен жөн, МИБтің төрағалығына кез-келген пәтер иесі сайлана алады. Оны жалпы жиналыста мүлік иелері өздері анықтап, бір жыл мерзімге сайлайды. Егер бұрын ПИК-те аула сыпырушы, электрик, есепші сияқты қызметкерлер штаты болса, енді олармен МИБ төрағасы т апсырыс беруші ретінде келісім-шарт жасайды. Онда о р ы н д а л ат ы н ж ұ м ы с т ы ң көлемі, түрі және еңбекақысы анық көрс етіледі. Д емек, басқарудың жаңа нысанында төрағадан басқа қызметкерлер жалға алынатынын ескерген жөн
МИБ-те атқарылатын жұмыстардың қажетті тізбесі болады. Осы негізде үйді басқару және күтіп ұстау шығындарының жылдық сметасы жасалады. Бұл жұмыстың айқын жүріп, қаражаттың ашық жұмсалатынын көрсетеді. Көпшілік әлі де болса байыбына бара қоймаған жаңашыл жұмыстың барысы осылай жүрмекші. Мұны тұрғын үйді басқару саласындағы жаңа реформа деп те атауға болады. Себебі, бұл салада бұған дейін мұндай өзгеріс болған жоқ. Ешқашан мақтау естімеген ПИК-пен қоштасатын күн де алыс емес. Тек енді басқару тізгінін иеленетіндер арнайы бағдарламасымен уәдені үйіп-төгіп, кейін тұрғындарды танымай кететін кейбір депутаттар секілді кейіп танытпаса болғаны. Өйткені, халық құр уәде емес, нақты нәтиже күтеді. Біз де тұрғын үйге қатысты толып жатқан проблеманың түйіні тарқар күннің туып, сеңнің қозғаларына сенейік. Қош бол, ПИК!..