RSS лента

ШҰҒЫЛ: Пандемияның аяқталу мерзімі аталды!

  • 22.02.2021, 14:42,
  • 535
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілінің айтуынша, бір жылдан кейін жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Данияның «DR» телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдегендей, коронавирус пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады.

 

«Бұл жыл да коронавируспен арпалысумен өтеді. Тек, келесі жылы ғана жағдайды еңсерудің мүмкіндіктері туады. Ең қиын кезеңдер артта қалды. Біз 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз және ол кездегіге қарағанда таралу белсенділігі төмендеп келеді. Қалай болғанда да вирус қалады, бірақ шектеулер қажет емес деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама» дейді ол.

 

АНЫҚТАМА үшін:

22 ақпандағы жағдай бойынша бүкіл әлемде COVID-19 инфекциясын 110 974 862 адам жұқтырып, 2 460 792 науқас көз жұмды. Үлкен үлесі АҚШ, Үндістан мен Бразилияға тиесілі.

***

Ал, Қазақстанда 208 809 адам ауырып, 192 733 науқас емделіп шықты. Өкінішке орай, 2540 отандасымыздың өлімі тіркелді.

Оставить комментарий
Последние новости