RSS лента

ДДСҰ: Әлемде 75 млн адам КВИ жұқтырып, 1,6 млн-нан астам науқас қайтыс болған

  • 23.12.2020, 13:30,
  • 854
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны бойынша жаңа рекорд орнатылған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

ҚазАқпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген санақ бойынша, соңғы жеті күннің ішінде COVID-19 ғаламшардың 4,6 млн астам тұрғынынан анықталған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6 пайыз көп.

 

«COVID-19 вирусына шалдығу және одан қайтыс болу жаңа оқиғаларының саны өткен аптада тиісінше 6 пайыз және 4 пайызға өсті» делінген ДДСҰ мәлімдемесінде.

 

Соңғы аптада ауру жұқтырудың ең көп оқиғасы АҚШ-та (1,6 млн, +14%), Бразилияда (326 мың, +8%), Түркияда (194 мың, +11%) және Ресейде (194 мың, +18%). Ауру жұқтыру оқиғаларының ең көп үлесі Америка елдерінде, бұл ретте Еуропа апта ішінде тіркелген өлім оқиғаларының саны жағынан көш бастап тұр. Ұйымның жүргізген есебі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырудың 75 млн астам жағдайы және 1,6 млн астам өлім оқиғасы тіркелген.

 

Ал, әлемде вирус таралуының статистикасын жүргізетін Джонс Хопкинс университеті болса, вирус жұқтырған 77,8 млн және қайтыс болған 1,7 млн адам туралы мәлімет берді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости