RSS лента

Түлектер жетістігі - сапалы білім нәтижесі

  • 02.02.2026, 17:04,
  • 8
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-терең тарихы мен берік академиялық мектебі қалыптасқан іргелі оқу орны.

Университеттің басты мақтанышы-оның түлектері. Жылдар бойы бұл қара шаңырақтан түлеп ұшқан мыңдаған жас маман ғылымда, білім беруде, құқық саласында, мемлекеттік басқаруда, бизнес пен халықаралық кеңістікте табысты еңбек етіп келеді. ҚазҰУ түлектері кәсіби біліктілігімен, азаматтық ұстанымымен және жаңашыл ойлауымен ерекшеленетін зияткер қауым.ҚазҰУ-да қалыптасқан білім беру философиясы тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген. Университет қабырғасында студенттер тек кәсіби білім алып қана қоймай, сыни ойлау, зерттеу, талдау, шешім қабылдау дағдыларын меңгереді. Дәл осы қасиеттер түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Университет ұсынатын сапалы білім мен ғылыми орта олардың болашақтағы табысының берік іргетасына айналады.Түлектердің жетістігі-оқу орнының сапасының айқын көрсеткіші. ҚазҰУ-ды бітірген мамандар арасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, ірі компания басшылары, табысты кәсіпкерлер бар. Олар түрлі салада жауапты қызметтер атқарып, басқарушылық және стратегиялық шешімдер қабылдау деңгейіне көтерілген.Ғылым саласында да ҚазҰУ түлектері жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Көптеген жас ғалымдар зерттеу институттарында, университеттерде қызмет етіп, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Халықаралық конференцияларда баяндама жасап, беделді ғылыми басылымдарда мақалалар жариялап жүрген түлектер университеттің ғылыми мектебінің әлеуетін айқындайды.


    Заң факультетінің түлектері құқық қорғау органдарында, сот жүйесінде, прокуратурада, адвокатурада және мемлекеттік қызметте кәсіби шеберлігімен танылып жүр. Олар құқықтық реформаларды іске асыруға, заңнаманы жетілдіруге, әділ сот жүйесін нығайтуға белсенді үлес қосуда. Заң үстемдігі қағидатын берік ұстанған бұл мамандар қоғамдағы тұрақтылық пен әділдіктің сақталуына қызмет етеді.Экономика, халықаралық қатынастар, журналистика, ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары бағытындағы түлектер де түрлі салада жаңашыл жобаларды жүзеге асыруда. Олар жаңа кәсіпорындар ашып, стартап бастамаларды дамытып, цифрлық технологияларды енгізу арқылы заманауи экономикалық үрдістерге серпін беруде. Университетте қалыптасқан ғылыми-талдамалық ойлау қабілеті олардың кәсіби ортада жоғары нәтижеге жетуіне жол ашады.Оқу ордамыздың түлектері қоғамдық өмірде де белсенді. Еріктілік қозғалыстарға қатысып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысуда.

Университеттің халықаралық ынтымақтастығы да түлектердің кәсіби дамуына оң ықпал етеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы шетелде білім алып, тәжірибе жинақтаған түлектер бүгінде халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компанияларда қызмет атқаруда. Олар жаһандық деңгейдегі жобаларға қатысып, кәсіби шеберлігін әлемдік аренада дәлелдеуде.ҚазҰУ түлектері тек өз саласының мамандары ғана емес, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыратын тұлғалар. Олар жаңа идеялар ұсынып, инновациялық бастамаларды жүзеге асырып, ғылыми және әлеуметтік прогрестің қозғаушы күшіне айналуда. Университетте алған білім мен тәрбие олардың өмірлік ұстанымына айналып, кәсіби жолында бағыт-бағдар береді.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері – білім мен ғылымның, кәсібилік пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. Олар түрлі салада табысты еңбек етіп, жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыру арқылы қоғам дамуына үлес қосып келеді. ҚазҰУ-дың зияткерлік мектебінен шыққан әрбір маман университеттің мәртебесін көтеріп, оның академиялық дәстүрін жалғастырушы тұлға.


Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының профессоры

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости