RSS лента

ҚазҰУ – сапалы білім мен инновацияның орталығы

  • 10.09.2025, 12:16,
  • 57
  • 0
  • Автор:
Автор фото: welcome.kaznu.kz

Қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесі тек теориялық біліммен шектеліп қалмай, практикалық дағдыларды да қалыптастыруы тиіс.

Себебі, теория мен практиканың үйлесімі ғана түлектің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.  Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ішінде 4-мақсат – «Баршаға инклюзивті және әділ сапалы білім беру және өмір бойы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету» – Қазақстан қоғамының стратегиялық даму өзегіне айналды. Бұл мақсат мемлекет басшының «Білімді ұлт – табысты ел» қағидасымен үндесіп, адами капиталды дамытудың басты құралы ретінде қарастырылады.әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшбасшысы әрі ТДМ 4 бағыты бойынша үлгі боларлық тәжірибеге ие оқу орны. Университет оқу, ғылым, инновация және әлеуметтік жауапкершілікті біріктіріп, сапалы білім берудің жаңа моделін қалыптастырды.Мұнда оқу бағдарламалары халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп, QS World University Rankings рейтингінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. 2025 жылы ҚазҰУ әлемдік үздік 300 университеттің қатарына енді-бұл университеттің сапалы білім берудегі табысты саясатының айқын көрінісі.

   

Қара шаңырақ цифрландыру саясатын белсенді жүзеге асырып, қашықтан білім алу мүмкіндіктерін кеңейтті. «Smart Campus» және «Digital KazNU» платформалары студенттерге оқу үрдісін тиімді басқаруға, білім сапасын арттыруға жол ашты.Сонымен қатар, университет инклюзивті білім беру орталығын дамытып, ерекше білім беруді қажет ететін студенттерге қолайлы жағдай жасап отыр.Сапалы білім берудің мақсатының тағы бір маңызды қыры – халықаралық серіктестік. ҚазҰУ ЮНЕСКО, БҰҰ ДБ, ЭСКАТО және басқа ұйымдармен бірлесе отырып, жастардың білім алу мүмкіндігін кеңейтуге, құқықтық және экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруда.

      

Сапалы білім нәтижесі-еңбек нарығында сұранысқа ие, жоғары білікті маман. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сапалы мамандар тек кәсіби салада ғана емес, жалпы қоғамда оң өзгерістерге ықпал ете алады. Сондықтан сапалы түлек даярлау-елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тікелей әсер ететін маңызды міндет.Қазақстанда бұл бағытта бірқатар бастамалар қолға алынған. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сай білім беру бағдарламалары жасалып, шетелдік тәжірибелер енгізілуде.Сапалы білім беру-қоғамның басты міндеті. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәжірибесі көрсеткендей, заманауи білім беру мен ғылымды интеграциялау, цифрландыру және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттары – ТДМ 4 мақсатына қол жеткізудің нақты жолы.

 

 

С.Ж.Сулейменова

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық,азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,заң ғылымдарының докторы, профессор

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости