RSS лента

Қазақстан-Германия ғылым және технология институты ашылады

  • 22.06.2023, 15:26,
  • 301
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook парақшасы

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан-Германия ғылым және технология институты ашылады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен Қазақстан-Неміс университеттері ректорларының форумы аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Қазақстан-Германия университеті металлургия және тау-кен ісі саласында ғылым және технология институтын ашу туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қазақстан-Неміс университеті арасындағы келісім бойынша Қазақстанда металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы жаңа ғылым және технологиялар институты құрылатын болады. Инженерия саласындағы озық неміс тәжірибесі және «білім триадасына» негізделген оқыту – зерттеулер, білім және инновациялар Шығыс Қазақстан облысының тұрақты дамуына, экономикалық және адами капиталын арттыруға жаңа серпін береді.
Ынтымақтастық фокусы 3 негізгі бағытқа бағытталатын болады:
біріншіден, білім беру. Бұл машина жасау, геология және тау-кен ісі, пайдалы қазбаларды байыту, тұрақты даму бағыттары бойынша екі дипломды және бірлескен кадрлар даярлау;
екінші бағыт – металлургия және материалтану, геодезия, геология және тау-кен ісі және тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулер;
үшінші бағыт – инновация, ғылым мен өндірістің инновациялық кластерін құру, бірлескен ғылыми жобалар, бизнес-инкубатор құру және стартап-жобаларды іске қосу, эксперименттік өндірістер мен пилоттық желілерді құру.
«Біздің мемлекетіміздің саясаты жоғары білім мен ғылымды интернационалдандыруды кеңейтуге бағытталған. Аталған институтты құру ғылым мен технология саласындағы қазақстандық-неміс өзара іс - қимылының орнықты тұғырнамасын қалыптастырады, елдің инновациялық дамуы үшін адами капиталды нығайтады», - деді университет ректоры Сәуле Рахметуллина. 
Оставить комментарий
Последние новости
      
ЭКОНОМИКА
16.05.2416:03
Доллар продолжает расти  
  
Все новости