RSS лента

Президент жаңа заңдарға қол қойды

  • 21.12.2022, 16:50,
  • 579
  • 0
  • Автор:

Мемлекет басшысы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Президент Салық кодексіне өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды. Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости