«Біздің азаматтарымыз Қазақстан Республикасының аумағына әкелген автомобильдер бүгінгі күнге дейін Армения Республикасының уәкілетті органдарында тіркеу есебінен шығарылмағандықтан, екі мемлекет те осындай көлік құралдарына салық салуға үміткер бола алады.
Осылайша, келіссөздер нәтижесінде Армения Республикасынан 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, меншік құқығы бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне тиесілі автомобильдерге Конвенцияның 21- бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркеу есебіне қойылған сәттен бастап ұлттық заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында ғана салық салынуға жатады деген уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осы мақсаттар үшін екі мемлекеттің салық органдары Қазақстан Республикасында тіркелген күнін көрсете отырып, тіркелген көлік құралдары бойынша мәліметтер алмасуды жүргізетін болады. Мұндай көлік құралдарына қатысты қосарланған салық салу туындамайды» делінген Қаржы министрлігі таратқан хабарламада.