RSS лента

Армениялық көліктерді тіркеу аяқталуға жақын

  • 04.02.2021, 19:22,
  • 744
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Алдағы 1 наурызда Армения Республикасынан елімізге әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктерді рәсімдеуге болады. Елордада автокөлікті 20-40 көшесіндегі Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен сенбі аралығында 9.00-16.30 аралығында тіркеуге болады.

 

Сондай-ақ 2021 жылдың 3 ақпанынан бастап елордада көліктерді қауіпсіздік хаттамасынан өткізетін (рулі оң жақтан сол жаққа ауыстырылған, қайта жабдықталған автокөліктер) «Ұлттық сараптама және сертификациялау орталығы» АҚ Сынақ орталығы жұмысын бастады.

 

Сынақ орталығына автокөлік иелері Алаш тасжолы, 1 «А» мекенжайы бойынша немесе 8 (717)2 25-14-47 нөміріне хабарласып жүгіне алады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында 9.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 10.00-17.00 аралығы. Автокөлік ҚР СТ 1418-2018 және Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 08/2011 техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс» делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости