Қазіргі уақытта емханалар 8.30-18.00 аралығында тұрғындарға онлайн режимде кеңес беріп жатыр. Ал, сенбі күндері сағат 15.00-ге дейін кезекші дәрігер пациенттерді мазалаған мәселелер бойынша кеңес беруде.
«Егер шұғыл жағдай орын алып немесе созылмалы ауруы бар науқасқа ауруханаға жататын жағдай туындайтын болса, учаскелік дәрігерге хабарласу арқылы анализ тапсыруға жолдама ала алады. Кейін анализдер таңғы сағат 8.00-9.30 аралығында алынады.
Қазіргі уақытта емханалар жүкті әйелдерден анализ сынамаларын алуда. Және акушер-гинекологтар жүкті әйелдерге емханалардан қабылдау жүргізіп отыр. Акушер-гинекологтан басқа жекелеген мамандар емханада жұмыс атқаруда. Қажет жағдайда науқастарды офлайн режимде қабылдайды» деп нақтылады аталған басқарманың баспасөз қызметі.
Емхана жұмысына байланысты кез-келген мәселелер бойынша тұрғындар тіркеуде тұрған емхананың анықтама бөліміне немесе 103, 112 қысқа нөмірлеріне хабарласа алады.