Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Дархан Қыдырәлі Моңғолия тарапының қонақжайлылығына алғыс білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көліктік-логистикалық, инвестициялық салалардағы байланыстардың қазіргі жағдайына тоқталды. 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтап қалған “Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр” бағытындағы әуе қатынасы қайта іске қосылды. Дегенмен екі ел астаналарының арасындағы қосатын әуе рейсін ашу, сондай-ақ, “Ұлан-Батыр-Ховд-Өскемен” бағытында әуе және автокөлік байланысын іске қосу күн тәртібінде тұр.
«Қазақстан достас әрі бауырлас Моңғолиямен тығыз көпсалалы байланысты дамытуға мүдделі және бұған ерекше мән береді. 2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өттік. Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойғанына да 30 жыл толып отыр», - деді Д.Қыдырәлі.
Қос тарап Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екі елдің экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын ірі жобаларды жүзеге асыруға мән берді. Сондай-ақ мәдениет, білім, ғылым, туризм, ақпарат, дін, азаматтық қоғамды дамыту және жастар саясаты салаларындағы байланысты күшейту жайы қозғалды.
Отырыс қорытысында тең төрағалар комиссияның хаттамасына қол қою рәсімін жасады.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігі табиғат қорғау бойынша өзара меморандумға қол қойылды.