RSS лента

Қазақстан мен Ресей арасында шекаралық сауда орталығы ашылады

  • 27.07.2021, 01:54,
  • 842
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау мен Астрахань облысының шекарасында сауда орталығы және Ақтау мен Астрахань арасында круиздік қатынас ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Осы және өзге де мәселелерді ҚР Премьер Министрі Асқар Мәмин мен Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин біріге отырып талқылады.

 

Кездесу кезінде тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық, өнеркәсіптік, туристік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін де сөз етті. Сондай-ақ, өзара сауданың қарқынын арттыру үшін шекаралық сауда орталығын құру перспективасы қарастырылды.

 

Биылғы жылдың бес айында екі ел арасындағы тауар айналымы 26,2 пайызға өсіп, 8,6 миллиард АҚШ долларына жеткен. Ендігі міндет — тауар айналымының көрсеткіштерін 2019 жылдың деңгейіне немесе 20 миллиард долларға жеткізу болып отыр.

 

Бұдан бөлек Астрахань облысындағы кеме жасау кәсіпорындарының тәжірибесін ескерген Асқар Мамин осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту керектігін де атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости