RSS лента

Ресейлік тарап Қазақстанда АЭС салуға дайын екендігін жеткізді (+видео)

  • 11.02.2021, 15:50,
  • 897
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин әлемнің басқа елдері секілді Қазақстан таза энергетикаға мұқтаж екенін атап өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


– Бұл мәселенің ең тиімді шешімінің бірі – атом электр станциялары. Электр энергиясының болжамды тапшылығын есепке алсақ, Қазақстан үшін АЭС құрылысы өзекті мәселеге айналып отыр. Росатом станцияның қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік бере отырып, бұл жобаға кірусіге дайын. Осы тұста кейбір БАҚ-та жиі жарияланып жүрген Ресейдің атомды бейбіт мақсатта пайдалануына қатысты фобиялық даурықпа әңгімелер шындыққа жанаспайтынын атап өткім келеді.

 

АЭС жобасы таза электр энергиясынан бөлек, Қазақстан экономикасының көптеген саласына серпін береді, біліктілікті қажет ететін жұмыс орындарын құруға және ядролық физика саласындағы жоғарғы білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

Қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруға бейімделген бірлескен кәсіпорындар құру бойынша тұрақты әрі табысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің экономикаларымызды бірыңғай шаруашылық кешенге айналдыратын жаңа өндірістік тізбектер қалыптасып жатқаны аса маңызды.

 

Егер, Қазақстан Республикасына құйылған ресейлік инвестициялар көлемін «ресейлік юрисдикциядан қазақстандық юрисдикцияға» қағидасы бойынша емес, ресейлік компаниялардың Қазақстан экономикасына нақты капитал салымдары бойынша қарастырсақ, онда оның көлемі 2005 жылдан бері 40 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Осы көрсеткіш пен тауар айналымы (осы жылы тауар айналымы екі миллиард АҚШ долларына төмендеп, 17 миллиард долларды құрады) бойынша Ресей мінсіз көшбасшы екені анық, - деді ол «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости