Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланысқа жоғары баға беретінін айтып, комиссия жұмысына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Дархан Қыдырәлі президентке тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, қазақстандық делегацияны қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.
Министрліктің айтуынша, Ұлан-Батырда Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 9-шы отырысы өтіп жатыр. Онда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет және спорт, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер қаралады.